Алматы облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі әлеуметтік желіде Қапшағай әскери гарнизонына әскери шабуыл жасалды деген ақпаратты жоққа шығарды.
Алматы қаласында бүгін шамамен күндізгі 11.00 уақытында Алмалы аудандық полиция басқармасына жасалған қарулы шабуыл туралы ақпарат шыға салысымен, әлеуметтік желілер талқысында Қапшағай әскери гарнизонына да шабуыл жасалған секілді деген мағынада ақпарат тараған.
Еске сала кетелік, қазір Алматыда Абылай хан, Панфилов, Төле би және Гоголь көшелері аумағында лаңкестерді ұстау бойынша арнайы операция жүріп жатыр. Белгісіз адамдар көлік терезесінен автоматты шығарып, Алматы қаласы алмалы аудандық полиция басқармасы алдындағы полиция қызметкерлеріне оқ жаудырған.
Алдын ала келтіріліген деректер бойынша, 2 полиция қызметкері қаза тапқан, бес адам зардап шеккен. Оқ жаудырғандардың біреуі құрыққа түскен.