Алматыдағы Қазақ көз аурулары ғылыми зерттеу институтының күндізгі стационары қабырғасында ілінген стендтегі мемлекеттік рәміздер туралы ақпаратта қателер өріп жүр. Тыныс белгілері немесе әріптік қате болса бір жөн, ол арада сөйлем ішіндегі сөздердің өзі бір-біріне қабыспайды.
Ел үшін, елдік үшін маңызды қастерлі мәліметке 31-арнаның тілшісі Ирина Советжанқызының көзі түскен. Масқара бұл жайтқа, әрине ол бей-жай қарай алмай, оны суретке түсіріп, әлеуметтік желіге орналастырған.
„Масқара! Көз институтының күндізгі стационар жағы. Мына стендке тапсырыс бергендер, оны жасағандар, қайтадан қабылдап алғандар қазақ болмай тұр ғой? Әйтпесе, бұл сорақылықты байқамай қалу мүмкін емес қой…„ деп жазады Ирина Советжанқызы Фейсбуктегі жеке парақшасында.