Ресейлік туристер 1 шілдеде шектеу алына салысымен, Түркияға лап қойды. Түркияға сапарлағысы келетіндердің саны үш күн ішінде 4 есеге өскен.
Бұл туралы «Яндекс.Путешествия» сервисіне сілтеме жасап, РБК хабарлайды.
29 маусымнан 1 шілде аралығында Түркия турына сұраныс көлемі 4 есеге өскен. Ал Қырым мен Сочи бағыты туристер үшін тартымдылығы үш есеге төмендеген.
Осылайша, үш күннің ішінде түрік курорттары Крым мен Сочиді артқа тастап, алға шықты. Себебі аталған үш курорттық жердің бағаларында үлкен айырмашылық жоқ. Түркия 40 мың рубль тұрса, Крымға бару үшін 35 мың рубль, ал Сочиге 37 мың рубль кетеді.
Содан болар, қазір түрік курорттарына қызығатын адамдардың саны төрт есеге артық болып тұр. Бұл ақпаратты РФ Туристік индустрия одағы да растап отыр.