Саясаттанушы Әзімбай Ғали Фейсбуктегі жеке парақшасында орыстанған өзінің қазақтанып келе жатқанын, тіпті, Алматыда әңгімелесуге орыс таба алмайтынын жазып, мұны жағымды үрдіске балапты. Сөйтіп, ағамыз біраз қиялға да беріледі…
Үш тұғырлы тіл бағдарламасы сол өшіп бара жатқан орыс тіліне жан бітіру деп есептеңіз.
Орыстанған қазақ қазақтанып келеді.
Қазақтардың өз арасында тек қазақша сөйлеуі, ақшасы мен назарын орыс тілді емес, қазақ медиа өнімдеріне бағыттауы қажет. Бұл үрдіс өз-өзімен жүріп келе жатыр.
Орыс қазір – 20 пайыз. Әңгімелесуге Алматының өзінде орыс таба алмайсың.
Мен Сарқан ауданынанмын, бұрынғы Сарқан орыстанған аудан еді. Қазір толық қазақы аудан. Тұрғындарының біразы қытай қазақтары, оларда орысша мүлде жоқ. Ендігі кезекте Талдықорған мен Алматы. Менің туысқандарым Талдықорғаннан Алматы мен Астанаға көшкен.
Енді «Хабарды» толық қазақшаласа, Ресей теледидарын жапты дей бер. Бара келе, өз- өзіне жеткілікті халқымыз, орыстың руханиятына, тіліне, дініне таңмен қарайтын болады. Ал орыстың көптеп салынып жатқан шіркеулерін қазақтар сатып алып, мешітке айналдырады.
Әзімбай Ғали, Фейсбуктегі жеке парақшасындағы жазба