Апта басында Ұлыбританиядағы саяси оқиғаға байланысты 335 теңгеден 341 теңгеге ытқып шыққан АҚШ долларының бағамы қайтадан ауыздықтала бастады.
ҚР Ұлттық банктің бүгінге жариялаған ресми бағамы 339, 12 теңге болды. Ал кешегі ресми бағам 339,10 теңге еді. Демек, еліміздің ақша нарығындағы жағдай тұрақты.
Бейресми баға бүгін қор биржасындағы бағаның төмендейтінін растайды.
ҚР Ұлттық банктің 24-маусымға бекіткен шетелдік валюталар бағамы мынадай: 1 евро —376,19 теңге, ресей рублі — 5,25 теңге, 1 фунт стерлингі — 452,62 теңге, жапон йені— 3,31 теңге, 1 қытай юаньы — 51,01 теңге, 1 қырғыз сомы — 5,03 теңге, 100 өзбек сумы— 11,59 теңге болды.
АҚШ долларына қатысты ресми бағам Қазақстан қор биржасындағы 28-маусымдағы таңғы және күндізгі сессия (негізгі) қорытындысы бойынша белгіленген. Сауда кезінде америкалық валютаның теңгеге қатысты ресми бағамы 339,12 теңге деңгейінде нақтыланды.