Нұр-Сұлтан
Қазір
-7
Ертең
-12
USD
499
+3.47
EUR
520
-0.93
RUB
4.85
-0.06

Тайжанға «шантаж» жасаған кім?

323

Тайжан былай дейді:

Мұны шантаж деп түсіндім

307ed4b8c74216dddde551a98c3dfe0b

Мұхтар Тайжан

Достар, өмір деген қызық нәрсе екен. Өткен аптада мені бір қазақтілді журналист «сен туралы нашар ақпарым бар» деп кездесуге шақырды. Жалғыз емес, жүздесетін жерге досым Айдос Жұқанды ертіп бардым. Әлгі адам «нашар ақпарын» көрсетіп, «жариялаймын» деді… Біраздан соң «бір жобам бар, соны қаржыландыру керек» деп 3 млн. теңге сұрады. Өз басым мұны «шантаж» деп түсіндім.

«Қаражат берсең, мұны жария қылмаймын, өшіріп тастаймын. Бермесең, әкеңнің асынан кейін жариялаймын», деді. Досым екеуміз күлдік және көрсеткен материалдары жалған екенін айттық. Бұл мағлұматтың бәрі өтірік. Жариялап шығарамын десеңіз, өзіңіз біліңіз, бірақ ақша бермеймін деп, қайтардым. Жалпы, бұл кісі жасы бізден әлдеқайда үлкен қазақтілді журналист. Өзі өмірбақи «ұлтшылмыз ғой», қасымызда жүрген еді, байқасам өзі тиісті органдарға жұмыс жасап жүрген екен. Көреміз енді, өмір деген шынымен қызық нәрсе…»

Осылай деген Мұхтар Тайжан бүгін өзіне «шантаж» жасаған адамның атын атады.

«Айтуға тура кез келді. Бұл кісі – Геройхан Қыстаубаев болатын. Енді мені әрі қарай жамандап жүр» дейді ол.

Ал Геройхан Қыстаубаев не дейді? Мұхтар Тайжан «шантаж» жасады деген Қыстаубаевтың бұл турасында пікірі қандай? Келесі кезекте осы кісінің әлеуметтік парақшасына үңілдік.

Қыстаубаев былай дейді:

«Қазақ кешірімшіл, бірақ кешірім сұрауға құмар халық емес!»

Геройхан Қыстаубаев

Бірден айтайын, мен Жанат Есентаевтың кешірім сұрап, бостандыққа шыққанын айыпқа бұйырмаймын. Әр адамның шешімін сыйлаймын.

Менің айыпқа бұйыратыным: Мұхтар Тайжан мен Гүлжан Ерғалиеваның қылықтары!

Біріншіден, абақтыда жатқан адамға, бөтендер түгілі, өзінің бауыр-туысқандарын зорға кіргізеді. Сонда Жанатқа “айдаладағы” бұлар қалай кіріп жүр?! Бұл бүгінгі барлық заң атаулыға қайшы әрекет. Сонда билік заңды бұлай өрескел бұзуға қалай барды? Бұдан кейін, бұл екі “жанашыр” жанды кімдер деп айтуға болады?

Екіншіден, бұлардың осындай жолмен кінәсіз адамды түрмеден “аман алып қалғаны”, шын мәнінде, ойланып көрсек – ұлттың рухын сындыру! Ең өкініштісі – міне осы! Өткенде бұлар: “500 адам қолдап, жөн санап отыр. Биліктен кешірім сұра” деп Ермек Нарымбайды да азғырған еді.

Менің бұларға айтарым: Қазақ кешірімшіл, бірақ кешірім сұрамаған халық! Себебі біздің ата-бабаларымыз қолымен жасағанды мойнымен көтере білген, өр халық. Сендер қайта, қайта кешірім сұратып, сол өрлігімізден айыратын болдыңдар! Осылай кете берсек есіктен енгеннен, шығып кеткенге дейін, кешірім сұрайтын құл халыққа айналатынымыз даусыз дүние. Елдің келешегін ойлайтын адамның осыған өресі жетуі тиіс еді.

Үшіншіден, бұлар, осындай “елге жасаған жақсылықтарымен” диктаторлық жүйені шетел алдында ақтап жатыр.

Төртіншіден, Жанаттың келешегін неге бұлар ойламайды? Енді ел абыройлы, сал-сері Жанатты қалай қабылдайды? Осы жағын ойланды ма, бұл “мейірімді” жандар?

Егер бұлар Жанатқа шын жандары ашыса, онда неге, мысалы, Мұхтар өткенде Бас прокурордың орынбасарымен кездескенде: “Ж. Есентаевтың ісі әділ қаралсын. Менің өз қадағалауымда болады” деген сияқты, бір ауыз талап-ескертпе хатты, сол орынбасардың атынан, Орал қаласының құқықтық мекемелеріне жіберуін талап етпеді?! Міне бұл тәсіл әрі заңды (!), әрі Жанаттың сағын сындырмас еді!

Болмаса, басқадай жолдарды неге қарастырмады? Мысалы: “Ешқандай жазықсыз абақтыда отырған Ж. Есентаев бостандыққа шықпаса, Жер комиссиясы құрамынан шығамыз” деп, неге талап қоймады?!

Жоқ! Олай емес! Азаматтың сағын сындыратын жолды таңдады! Сонда бұл кімге жасаған жақсылық?

Жанаттың өзі осындай ойға келіп, кешірім сұраса, әңгіме жоқ. Ал ондай ойы жоқ адамды заңды белден басып, түрмеге кіріп, кешірім сұрауға үгіттеп көндіру – не сол адамның өзіне, не қоғамға пайдасы жоқ, залалы орасан зор іс.

Түрмеде, сырттан бейхабар жатқан адам артынан Алматыдан ұшақпен арнайы “іздеп” келген “достары” не айтса, соған сенеді. Халық солай деп жатса, онда несіне мен қисаямын? Дайындап жазып келген қағазына қол қоя салайын деп ойлайтыны бек анық.

Ал “бостандық” алып берген мұндай “достардан” дұшпан артық екенін ұққанда, кеш болады.

Қыстаубаевың осылай дейді. Тайжанның пікірін де оқыдыңыздар.

Кімдікі дұрыс және кімдікі бұрыс, қалай ойлайсыздар?

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз