Нұр-Сұлтан
Қазір
-12
Ертең
-8
USD
524
0.00
EUR
545
0.00
RUB
5.11
0.00

Қазақстанның жоғары оқу орындарында 26 заманауи зертхана құрылады

Комиссия отырысында депутаттар 2015-2016 жылдардағы жоғары оқу орындарындағы зертханаларды базалық жабдықтауды қаржыландыру мәселесін талқылады. Комиссия жетекшісі, депутат Ирина Аронованың айтуынша, индустрияландыру бағдарламасы аясында Ұлттық қордан бөлінген қаражат арқылы республиканың жоғары оқу орынында заманауи зертханалар құру көзделген. Осы мақсаттар үшін 2015-2016 жылдарға 6 млрд теңге қарастырылған болатын. Осыған байланысты 2015 жылы 11 базалық жоғары оқу орнында 24 жаңа зертхана, ал 2016 жылы 13 ЖОО-да 26 зертхана құру жоспарланған.

«2015 жылы 11 ЖОО-ға халықаралық стандарттарға сәйкес зертханалар құруға 3 млрд теңге бөлінді. Олар құрылыс материалдарын өндіру, тамақ өнеркәсібі, металлургия, машина жасау, технологиялық машиналар, энергетика, мұнай химия және химия өнеркәсібі секілді 8 бағыт бойынша жұмыс істейтін  болады. 2015 жылдың қаражаты толық игерілген», – деді Ирина Аронова.

Оның айтуынша, 2016 жылы 3 млрд теңге қаражат бөлініп отыр. Бұған 13 ЖОО-ға жабдықтар жеткізу жоспарланып отыр. Бөлінген қаражат шеңберінде Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетіне, Қарағанды мемлекеттік медицина университетінде жалпы пайдаланылатын 2 зертхана құрылатын болады.  Бұл ұжымдық пайдаланылатын ғылыми молекулярлық-генетикалық зертханалар болмақ. Олар медициналық ғылыми ұйымдар мен ЖОО студенттерінің, оқытушылары мен ғылыми қызметкерлерінің қазіргі заманғы жабдықтарға қол жеткізілуін және зерттеулерді орындауын қамтамасыз етеді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз