Маңғыстау облысы Кәсіпкерлер палатасының көмегімен бизнесмендердің пайдасына жалпы сомасы 400 млн астам теңгені құраған қарыздар төлетіліп, салық органдарының қайта есептеулері болдырылған жоқ.
«Жыл басынан бері, 5 айдың ішінде палатаның сарапшылары кәсіпкерлердің өз құқықтарын қорғау жөніндегі 265 өтінішін қарастырды. Олардың жартысы жер қатынастарына байланысты болып отыр. 104 өтініш шешімін тапты. Шенеуніктердің әкімшілік кедергілер құруына қатысты 25 факті анықталған. Кәсіпкерлер палатасының көмегімен бизнесмендердің пайдасына жалпы сомасы 404 млн астам теңгені құраған қарыздары төлетіліп, салық органдарының қайта есептеулері болдырылған жоқ», – деді Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасының құқық мәселелері жөніндегі директордың орынбасары Әмірғали Жанаев.
Бұдан басқа, кәсіпкерлер сәулет және қала құрылысы, (өтініштердің 15 пайызы), мемлекеттік сатып алулар (10 пайыз) саласындағы мәселелер бойынша шағымданып отырады.