Жыл басынан бастап облыстың су қоймаларында 12 адам суға кетті, олардың төртеуі кәмелет жасына толмаған балалар.
Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметі хабарлағандай, Тараз шетіндегі жеке секторда 29-мамыр күні 2 жастағы бала үй маңында ойнап жүріп, абайсызда арыққа құлап, батып кеткен. Сол күні Байзақ ауданында Талас өзеніне 4 жасар бала да суға ағып кеткен.
Іздеуге ТЖД-дан 20 адам, 3 бірлік техника тартылды.