31-мамыр күні Астанада Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы өтеді. Бұл туралы akorda.kz хабарлайды.
Жиын барысында Еуразиялық экономикалық одақтың жұмысының қазіргі мәселелерін қарастырып, оның бірқатар мемлекеттермен сауда саласындағы өзара ықпалдастығының дамуына қатысты мәселелерді талқылау көзделген.
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің сыртында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев РФ президенті Владимир Путинмен екіжақты кездесу өткізуі мүмкін. Қос мемлекет президенттерінің бұл кездесуі жайында Кремльдің баспасөз қызметі хабарлайды.