«Қызылорда облыстық әкімдігі мен «Даму» Қоры өңірдің шағын және орта кәсіпкерлігіне 1,5 млрд. теңге бөледі. Бұл туралы “Даму” кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ Қызылорда облысы бойынша аймақтық филиалының баспасөз қызметі хабарлады.
«Даму» Қоры 2016 жылы өңірлерді нысанды қаржыландыру бағдарламасына 24 млрд теңге бөлді. Қаражат екінші деңгейлі банктер арқылы «Даму» Қоры мен облыс әкімдіктерімен бірлесіп бөлінеді. Ақтөбе, Маңғыстау және Алматы облыстарында бизнесті несиелеу басталып кетті. Қалған облыстарда кәсіпкерлікке деген жеңіл несие жазда беріле бастайды.
Қызылорда облысында 2010 жылдан бері индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына енген 559 жоба пайыздық мөлшерлемені субсидиялау, несиеге кепілдеме беру немесе жеңілдікпен несиелеу секілді «Даму» Қорының қолдауларын пайдалана алды. Жалпы құны 41,4 млрд теңге болады. Салаға бөліп қарар болсақ, көш басында: Қызылорда облысы бойынша Үдемелі индустриалдық инновациялық даму бағдарламасына кірмеген 695 жоба да «Даму» Қорының қолдауын көріп, жалпы құны 19 млрд теңге қаражатқа қол жеткізді.