Жапонияда елдің солтүстігіндегі таулы аймақта жоғалып кеткен баланы ата-анасы жаза ретінде орман ішінде жалғыз қалдырып кеткендіктерін мойындады.
Аюлар тіршілік ететін Хоккайдо өңіріндегі орманға ата-анасы тастап кеткен бүлдіршінді іздеушілер екі тәуліктен бері таба алмай жатыр, деп хабарлайды Би-би-си.
Алдында ата-анасы полицияға жабайы көкөністерді жинап жатқан кездерінде ұлдарын жоғалтып алғандықтарын айтқан. Кейіннен баланы жаза ретінде жалғыз өзін қалдырып кеткендіктерін, араға бес минут салып қайта келгендерінде оны таппай қалғандықтарын мойындады.