Игі іске «Қазақстан» телеарнасының «Айтуға оңай» бағдарламасы мен елшілік қызметкерлері мұрындық болды. Бұл туралы Қырғыз Республикасы ІІМ-нің баспасөз қызметі хабарлайды.
Көрші мемлекеттің құзырлы органының баспасөз қызметіндегілер Арықбаевтың өзі «Қазақстан» телеарнасына хабарласып, есін жоғалтқанын, туған-туысын тауып беруді өтініп, көмек сұрағанын нақтылайды.
Телеарнадан бұл азаматты танып, өзінің туысы болуы мүмкін екенін айтқан Қазақстанның және Өзбекстанның бірнеше адамы БАҚ тілшілеріне хабарласқан.
Алайда ДНК сараптама олардың ешқайсысының Арықбаевқа қатысы жоқ екенін дәлелдеді. Тек Қырғыз Республикасы азаматының қан сараптамасы Арықбаевтікіні сәйкес келді. Тілшілер бұл туралы «Айтуға оңай» бағдарламасында мәлімдеді.
Бұдан кейін Алматыдағы қырғыз бас консульдығы Арықбаевтың анасына ұлын отанына қайтаруға көмектесу үшін құқықтық және басқа да қажетті көмектерді беруге әзір екенін мәлімдеді.
Бірер күн бұрын Қарағанды облысында баласын жоғалтқан ақ жаулықты ана тура осындай сүйінші хабармен қуанды. Оның баласы – Мейіржан да есін жоғалтқан болып шықты.
9 жылдан соң Мейіржанды бір сыныптасы Теміртаудан көріп қалып, ата-анасына хабар жеткізген.