Нұр-Сұлтан
Қазір
6
Ертең
2
USD
448
-4.73
EUR
500
-7.77
RUB
5.46
-0.07

Павлодарда үріккен ат тоғыз жасар баланы таптап өлтірді

133

Облыстық ІІД-нің баспасөз хатшысы Баян Мағзұмованың айтуынша, төртінші сыныптың оқушысы үлкендердің қарауынсыз атпен шабуға ниеттеніп, жылқыға барған. Бала ер-тоқымға қате отырып құлап түсіп, аяғымен ілініп қалған. Үріккен ат оқушыны басы төмен қараған күйі басып кеткен. Алған жарақаттардан жас бала ауруханада көз жұмды.

– Аталмыш жағдай “жазатайым оқиға” ретінде сотқа дейінгі тергеу базасында тіркелді. Нақты шешім сот-медициналық сараптамадан кейін белгілі болады, – дейді Б. Мағзұмова.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз