Нұр-Сұлтан
Қазір
-9
Ертең
-9
USD
524
0.00
EUR
545
0.00
RUB
5.11
0.00

Журналға шықпасаң – ғалым емессің! Бұл неғылған жүйе өзі?

144

PhD докторы, Сүлеймен Демирел университетінің құқық және әлеуметтік ғылымдар факультетінің аға оқытушысы Жеңісбек Төленнің айтуынша, PhD докторанттарға импакт-факторы жоғары журналдарда ғылыми мақала жариялауды міндеттеу тәжірибесі – дамушы елдерде ғана бар. Мәселен, Ресей, Шығыс Еуропа мемлекеттері, Таяу Шығыс, Оңтүстік Азия мен Африканың артта қалған елдері. Қазақстан да солардың қатарында жүр.

– АҚШ, Германия, Франция, Канада секілді дамыған мемлекеттерде мұндай нәрсе жоқ.

Олардың ғалымдары біздегі мақала шығарамын деп жанталасып жүрген ғалымдарға күле қарайды.

Тіпті, бауырлас Түркияның өзінің ғылым жүйесінде мұндай мақала жариялау синдромы жоқ. Бізде білім министрлігі Scopus пен Tompson Reuters базаларындағы рейтингі жоғары журналдарға шыққан мақалаларды ғана есепке алады. Өзіміз Еуропада ғылыми тағылымдамадан өткенде сол сияқты ондаған базалардың бар екенін көрдік, олармен жұмыс жасадық. Ал бізде неге тек осы екі базаға енетін журналдардағы мақалаларды есепке алатыны түсініксіз. Кейде министрлік белгілі бір шетелдік компаниялардың бизнесіне лобби жасап отырған жоқ па, деген ойға қаласың,

– дейді Жеңісбек Төлен.

Абсурд емей, немене?

Ғалымның айтуынша, қазір Қазақстанда мақаласы шықпай, PhD докторы атағын қорғай алмай жүргендердің қатары көп. Сондықтан ол осы импакт-факторлы журналдарға мақала жариялау міндеттемесін гуманитарлық мамандықтардан алып тастауды ұсынады.

– Негізінен, гуманитарлық ғылымдардың докторанттарынан осы бір міндеттемені алып тастаса, дұрыс болар еді. Себебі, техникалық, нақты ғылым өкілдері үшін рейтингі жоғары журналдарға мақала жариялау аса қиын емес. Өйткені ондай журналдар көп. Ал гуманитарлық ғылымдар саласында мұндай журналдар әлдеқайда аз. Ал,

қазақтың тілі мен әдебиеті, мәдениеті мен тарихы төрткүл дүниенің ғылыми қауымдастығын түгелдей қызықтырады деп ойлау – абсурд.

Сондықтан, бұл сала докторанттары үшін рейтингке кірмесе де, халықаралық ғылыми орталарда беделі бар журналдар мен халықаралық ғылыми конференциялар материалдарын балама ретінде қарастырса жетер еді,

– дейді ғалым.

Шыны керек, әу баста қазақстандық ғылымның әлемдік ғылыми қауымдастықтың алдында беделін көтеру мақсатында жасалған бұл реформаның енді уақыт өткен сайын шикілігі көріне бастады. Мемлекеттің қыруар қаржысына оқыған докторанттарымыз енді шетелдік алаяқтарға алданып, жем болып отыр. Ал білім және ғылым министрлігі бұл мәселеге жүрдім-бардым қарап, кезекті эксперименттік реформалармен бас қатырып әлек.

Ал министрліктің осы мәселеге жауапты лауазымды тұлғалары түрлі сылтаулармен біздің ресми түрде жолдаған сауалдарымызға жауап беруден жалтарып, бір-біріне сілтейді.

Біз алдағы уақытта да бұл мәселені жіті назарда ұстайтын боламыз.

967848226

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз