Эверест шыңын бағындырған голландиялық Эрик Арнольд пен австралиялық Мария Стридом таудан төмен түсіп келе жатқанда қаза тапты. Болжам бойынша, альпинистердің өліміне гипоксия, былайша айтқанда тау ауруы себеп болған.
Көз ұзамай дәл осы альпинистер тобына кірген 34 жастағы Мария Стридом да қайтыс болды. Одан да тау ауруының белгілері байқалған, деп жазады ВВС.