Шри-Ланкадағы лай көшкінінің салдарынан қаза тапқандар саны артуда. Соңғы мәліметтерге сәйкес 71 адам көз жұмып, 120-дан астамы із-түзсіз жоғалғандар қатарында.
Іздеу-құтқару жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Лай көшкіні әсіресе Коломбо округіне қатты зардабын тигізген. Жергілікті биліктің мәліметінше, табиғат апатынан мыңдаған адам зардап шеккен. 300 мыңға жуық адам өз үйлерін тастауға мәжбүр болған, деп жазады шетелдік БАҚ.