Нұр-Сұлтан
Қазір
-8
Ертең
-14
USD
524
0.00
EUR
545
0.00
RUB
5.11
0.00

Мамырдың соңында тағы да нөсер жауын жауады

111

Оның айтуынша, Алматыда маусымда мамыр айына қарағанда, жауын-шашын аз болады. Ұзақ мерзімдік болжамға сәйкес жаздың алғашқы айында жауын-шашынның мөлшері 45-60 мм. құрайды. Таулы аймақтарда жаңбыр көбірек жауады деп күтілуде.

«Енді, Алматыда алдағы бірнеше күн бойы жаңбыр болмайды. Ауа температурасы 18 градустан 25 градусқа дейін көтеріледі деп күтілуде. Дегенмен, 29-30-мамыр аралығында Алматыда тағы да нөсер жауын болады», – деді Лидия Никифорова.

Сонымен қатар, оның айтуынша, Алматыда мұндай толассыз жауған жаңбыр соңғы 25-30 жыл ішінде болмаған екен.

«Егер сәуір айында жауын-шашынның мөлшері әдеттегі нормадан жоғары болғанын ескерсек, мұны шынында да төтенше экстремалды жағдай деп бағалауға болады. Бұл сирек болса да кездесіп тұратын табиғи ауытқыма құбылыс. Бұның басқа себептері жоқ. Мысалы, зымыранның ұшырылуы мұндай құбылыстарға әкеп соқпайды. Бұл – табиғи құбылыс. 2015 жылы Қарағанды облысында да жайылма сел болды емес пе!? Міне, бұл да сондай құбылыс», – деді синоптик.

Айта кетелік, Алматыда 16-мамырдан бастап бірнеше күн бойы толассыз жаңбыр жауды. Соның салдарынан қалада аулалар мен жолдарды су басты. Кейбір аудандарда лай көшкіні орын алды. 16-мамырда «Жібек жолы» метробекетінің вестибюлін де су басты.

Барлығы 127 жеке тұрғын үй мен аулалар су астында қалды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз