Интернетте Мемлекет басшысына, Премьер-министрге, Бас прокурор, депутаттар мен халықаралық ұйымдардың атына бағытталған интим қызметін ұсынушылардың ашық хаты жарияланды.
Жыныстық қызметті ұсынатындар атынан жазылған хатқа 597 адам қол қойып, лауазымды тұлғалардан көмек сұраған.
Олар хаттарында өздерінің құқықтары қорғалмай отырғандығын, одан басқа жеңгетайлар сауна, қонақүй, сұлулық салондарының иелері және полициямен бірге қойылған бағасы тым қымбатқа түсетіндігін де тілге тиек еткен.
“Біз Еңбек кодексін қазір қайта қарайтын сәт келді деп санаймыз. Соған қарамастан ол тақырып әзірге жабық күйінде” деп шағым білдірген.
Сол секілді шетелдік тәжірибе де кеңінен қамтылған. Хатта Өзбекстан мен Қырғызстаннан келген қыздардың өзара бәсекелестік тудырып жатқаны да айтылады.