Үндемейтін үкіметбасы Кәрім Мәсімов жер сату мен оны жалға беру мәселесінде өзінің және өзі басқаратын министрлер кабинетінің жеткілікті дәрежеде жұмыс жасамағанын мойындады, деп хабарлайды vlast.kz порталы.
«Жер кодексіне енгізілген жаңа өзгерістерді халыққа түсіндіру жұмыстарының жүйесіз әрі дұрыс жүргізілмегенін мойындаймыз. Ұлттық экономика министрлігі мен Ауыршалуашылық министрлігінің басшылары мен қызметкерлері аталған Заң жобасын тиісті деңгейде түсіндіре алмады»,-дейді премьер-министр Мәсімов.
Бұл туралы Кәрім Мәсімов Ақордадағы бүгінгі күннің ең актуалды мәселелерін талқылаған жиында мәлімдеген.
Сондай-ақ, премьер-министр мырза ҚР Жер кодексінің 24 бабында көрсетілгендей «ауылшаруашылық мақсатындағы жер телімдері тек ҚР азаматтарына ғана жеке меншікке берілетіні және заңды тұлғаларға беру туралы 2003 жылы енгізілген өзгерістердің де» бар екенін айтқан. Мәсімов мырзаның айтуынша, бұл Заң жобасы әлі күнге дейін қолданыста.
«Біз әрқашан қазақстандықтардың жағдайын ойлаймыз және Қазақстан жері тек қазақстандықтарға берілуі тиіс деп есептейміз. Өкінішке қарай, қазіргі таңда ауылшаруашылық мақсаттарындағы жер телімдері толықтай дерлік қолданылмай отыр. Соңғы 15 жылда аграрлық аймақтардағы қарашірік жерлердің сапасы 21 пайызға дейін төмендеп кеткен»,
– деді К.Мәсімов.
Осы жиыннан кейін Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев пен оның орынбасары Қайырбек Өскенбаев және Ауылшаруашылық министрі Асылжан Мамытбековтер отставкаға кеткен болатын.