Украина президенті Петр Порошенкоға Черногория секілді ұлттық валютаны евро ету ұсынылды. Бұл туралы Украина мемлекет басшысының ресми сайтына орналастырылған электронды петицияда кеңінен айтылады.
Ол мүмкін сол кезде халықтың жалақысы өсетін шығар деп үміттенеді. „Сонда шенеуніктер ұялатын шығар, евроға көшсек, онда Украинадағы ең төменгі жалақы 43 евро болып ап-анық көрініп тұрады„ – делінеді петицияда.