«Жасыл» экономика және G-Global дамыту коалициясы Мемлекет басшысының Жер кодексінің нормаларына мораторий енгізген шешімін толықтай қолдайтындықтарын мәлім етті.
Коалицияның пікірінше, Үкімет жанынан ел Президентінің тапсырмасы бойынша құрылған комиссия мен бейінді министрліктер арасындағы өкілеттіктерді бөлу ауыл шаруашылығы жерін пайдалану мәселесін тәртіпке келтіруге ықпал ететін болады.
«Президенттің айналасына қоғамды шоғырландыру және Мемлекет басшысының бастамаларын жалпыға бірдей қолдау ғана Қазақстанның алға сәтті жылжуын қамтамасыз етуге мүмкіндік бере алатынына сенімдіміз. Президент ұсынған қадам мемлекеттік органдар мен азаматтар арасында ашық диалог қалыптастыруға қызмет етеді деп санаймыз», – деп атап өткен Коалиция.