Жеңіс күні қазақстандықтар үшін жеңіспен басталды.
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам АҚШ-тың Флорида штатындағы Лейклендте өткен бокс кешінде өзінің колумбиялық қарсыласы Хуан де Анхельді 6-раундта техникалық нокаутқа жіберіп, өзінің кезекті жеңісіне қол жеткізді. Алдыңғы қарсыластарына қарағанда, алғашқы раундтарда жерлесімізге тегеурінді қарсылық көрсетуге тырысқан де Анхель – төртінші раундта шаршай бастаған болатын. Нәтижесінде, 6-раундта алған екінші нокдаунынан кейін – дәрігердің көмегіне жүгінуге тура келді.
Кәсіпқой боксқа 2012 жылы ауысқан Қанат Ислам бокстан WBA Fedelatin және WBA FideCarib нұсқалары бойынша Әлем чемпионы. Ол осымен өзінің кәсіпқой рингтегі 21-кездесуіндегі 21-жеңісіне қол жетізсе, оның 18-ін мерзімінен бұрын аяқтаған.