Қазақстандық 38-десанттық-шабуылдау бригадасының бітімгерлік батальонының әскерилері Отан қорғаушылар күні қарсаңында ерекше флешмоб жасады.
Әскери көліктердің алты колоннасы киіз үйдің негізгі бөлігі – керегенің символын жасады. Ондағы мақсат: “Қабырғасы берік үй – мықты үй болатыны сияқты, қуатты әскер – өз халқының қорғаны бола алады” дегенді білдіру, дейді әскерилер.