Оңтүстікқазақстандық полицейлер есірткі сатумен айналысатын қылмыстық топты ұстап, олардан 5 кг асатын героин тәркіледі.
ОҚО Ішкі істер департаменті Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасына жергілікті тұрғыннан, Төле би ауданының тұрғыны героин сатумен айналысатыны туралы арыз түскен. Полицейлер аталған жайтты СДБТР тіркеп, есірткі затын сату бойынша қылмыстық іс қозғады.
Күдіктілердің үйіне тінту жүргізу кезінде полицейлер 5 түйін полиэтиленге оралып, жапсырмамен жапсырылған, ішінде ұнтақ тәрізді, сұр-ақ түсті, ерекше иісі бар, “героинге” ұқсас есірткі затын және электрондық таразы тәркіледі.
Сот-криминалды сараптамасының нәтижесінде табылған зат «героин» есірткі заты екені, жалпы салмағы 5 кг асатыны анықталды.
Аталған жайт бойынша ҚР ҚК «Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу» 297-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер УҰИ-на жіберілді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.