Батыс Қазақстан облыстық кәсіпкерлер палатасының өкілдері кәсіпкерлікті дамытудың электронды картасын таныстырды. Онда өңір экономикасы мен өнімдерді өткізу нарығы туралы деректер қамтылған.
Кәсіпкерлер палатасының батысқазақстандық филиалы директоры міндетін атқарушының мәлімдеуінше, Өңірлік кәсіпкерлікті дамыту картасын әзірлеуге тура бір жыл кеткен.
«Кәсіпкерлікті дамыту картасын businessmap.kz сайтынан табуға болады. Бұл жерде өңірдің табиғи-климаттық жағдайы, минералды-шикізат базасы, инфрақұрылым, адам капиталы туралы деректер бар. Қазақстанда бұған дейін мұндай дүние болмаған. Бұл портал атқарушы органдар үшін де, инвесторлар үшін де өте пайдалы», – деп атап өтті Нұрлан Қайыршин.
Өңірлік кәсіпкерлік палатасынан атап өткендей, тегін сервистік қызметке жүгінетін бизнесмендер саны жыл сайын артып келеді.