5 мамыр күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр жауады, найзағай болады, тек республиканың солтүстігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Кей жерлерінде тұман, желдің күшеюі сақталады. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК хабарлады.
Алматы, Қарағанды, күндіз Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтілуде.
Шығыс Қазақстан облысында, Ақмола, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде 5 градусқа дейін үсік болады.
Ал Ақтөбе облысының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.
Алматы қаласында таңертең күн ала бұлтты болып, +15 градус жылы болса, күндіз +19 градусқа көтеріледі. Кешке аздаған жауын жауып, +16 градус жылы болады.