Исра және Миғраж түні – Алла Тағаланың құдіретін дәлелдей түсетін белгілерінің бірі.
Ләйләтүл Миғраж (Миғраж түні) оқиғасы болған түннің реттік саны жайын дәлелдейтін бірнеше нұсқа бар. Мысалы, Муфтий Таки Усманидің айтуынша, өмірбаяншы әл- Зурқанидің еңбектеріне жүгінетін болсақ, ғалымдар Ләйләтүл Миғраж қай айда болғаны жайында алты пікір келтіріп: Раббиул Әууәл, Раббиус-Сәни, Ережеп, Рамазан, Шағбан және Зүлхижжа айларын көрсетеді. Әйтсе де, бұл оқиға Ережеп айының 27-сіне қараған түні орын алды деген пікірдің де негізі бар сынды.
„Шариғатымызда бұл оқиғаның құрметіне қатысты жасалатын арнайы бір құлшылық түрі жоқ, дегенмен, әрбір мұсылман бұл оқиғадан алынар ғибратты есіне алып, өз өмірінде соған сай амал етуі абзал болады„ делінген Аzаn.kz таратқан хабарламада.