Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

90-шы жылдардағы бала туудың төмендеуі 2020 жылға кері әсер етеді

323

БҰҰ шкаласы бойынша, Қазақстан халқы қартайып бара жатқандардың қатарында. 2050 жылға қарай 65 және одан жоғары жастағы азаматтар саны екі есеге артады. Қазір олар — 7,9%. Кейін 14,1% болады.

Демографияның алғашқы жаңғырығы

БЖЗҚ сондай-ақ 25 жасқа дейінгі жастар санының 3,2%-ға қысқаруын болжайды. 2050 жылға қарай еңбекке қабілетті азаматтар 3,1%-ға аз болады.

1990 жылдан бастап Қазақстан халқының қартаю динамикасы өте қызықты.

1990 жылы елімізде қарттар 9,6% болды. 2000 жылы 11,2%-ға артты. 2020 жылы 12,2% болады. Ал 2050 жылға қарай — 20,1%-ға артады. Халықтың күрт қартаюының себептері айқын

Бұл өмір сүру ұзақтығының артуы және өлім жасының ұлғаюы.

Айтпақшы,

2020 жылы Қазақстанда 15-24 жас аралығындағы жастар саны рекордтық көрсеткіште аз болады

Бұл 90-шы жылдардың соңындағы және 2000-шы жылдардың басындағы туудың күрт төмендеуімен байланысты. Алайда, елімізде нағыз құлдырау 2050 жылы болады — 90-шы жылдардың аяғында және 2000-шы жылдардың басында дүниеге келген азшылық зейнетке шыға бастағанда. Яғни, экономикалық белсенді азаматтар аз болады. Оларды ешкім алмастыра да алмайды — демографиялық құлдырауды толықтыра да алмайды “Демографиялық жаңғырықтың” алғашқы толқыны осы болмақ. Бұл кезде жұмысшылар жетіспей, зейнеткерлер тым көп болады.

Жұмысты кім істейді?

Өмір сүру ұзақтығының арту дерегі экономиканың перспективаларымен үрейлендіреді. Егер 2050 жылға қарай БЖЗҚ болжамы бойынша ерлер орташа есеппен 68 жыл өмір сүретін болса, яғни бүгінгі күнге қарағанда 10 жылға ұзағырақ, ал әйелдер 77 емес, 83 жас жасаса. Айтпақшы, халықтың қартаюы мен өмір сүру ұзақтығын арттыру үрдісі бүкіл әлемде бірдей. Сарапшылар мұны медицина деңгейінің жоғарылауымен және апатты оқиғалардың азаюымен түсіндіреді.

Қазір, БЖЗҚ мәліметтері бойынша, әр зейнеткерге 7 жұмысшыдан келеді. Ал 2050 жылы 3,5 жұмысшыдан болады.

Әлемдік стандарттар бойынша бұл экономикаға қауіп-қатердің қызыл деңгейіне жетіп тұр. Әрине, болашақ зейнеткерлерді асырау және ел экономикасын дамыту бойынша барлық жүктеме жұмысшыларға жүктеледі. Және ол тек өсе бермек.

Соңғы тренд — бала туудың азаюы. Екі бала ғана туатын отбасылар саны артып келеді. Көп балалы отбасылардың саны қысқарады.

Сарапшылар жағдайды шешудің бір ғана амалын көреді: зейнетақы жинақтарының ұлғаюы. Тек осылай ғана болашақта бюджетке түсетін жүктемені төмендетуге болады.

Мемлекеттің табысы төмен халықты қолдауы, әрине, бұл жақсы тренд. Бірақ конвертпен берілетін жалақыны көлеңкеден шығармай, қандай да бір оң нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес. Ал әзірге халықтың көлеңкелі табыс нарығы жылына 10 трлн теңгеге бағалануда. Және бұл көрсеткіш жылдан жылға ұлғайып келеді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз