Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
13
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

9 жастағы оқушыны қағып кеткен алматылық полицейлер қызметтен қуылды

Сонымен қатар, жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша тергеуді Алматы қалалық ІІД Анықтау басқармасының жүргізіп жатқаны хабарланып отыр. Жаяу жүргіншіні қаққан жүргізуші заң аясында жауапқа тартылады. Тергеу аясында қажетті сараптама өткізілген.

Ал осыған дейін зардап шеккен баланың әкесі Михаил Ковалев Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында ұлына ота жасалғанын айтқан еді. 9 жастағы баланың аяғы сынғаны белгілі болды.

“Оған наркозбен ота жасалды. Сол аяғы сынған. Ауруханада тексерістен өтті, жеңіл бассүйек ми жарақатын алған. Басқа жеріне зақым тимеген”, – дейді әкесі.

Айта кетейік, ол қазіргі уақытта ұлымен бірген ауруханада. Әкесінің айтуынша, ол мектептен қайтып келе жатқан. Ұлы 3-сыныпта оқиды екен.

“Полицейлер оған көмектесіп, 4-ауруханаға жеткізді. Содан ол жақтан Бірінші балалар ауруханасына жеткізілді. Полиция қызметкерлері келіп, кешірім сұрады. Жауапкершілікті өз мойнына алатындарын айтты. Емнің ақшасын төлейміз деп уәде берді”, – дейді Михаил Ковалев.

Еске сала кетейік, осыған дейін Алматыда полиция көлігінің 9 жастағы баланы қағып кеткені хабарланған болатын. Куәгерлердің айтуынша, оқиға Жангелдин көшесінің бойында Рысқұлов даңғылымен қиылысының маңында кеше таңғы уақытта болған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз