Алматы әкімі Бауыржан Байбек бұл шара жолдағы адам өлімін азайтады деп ойлайды, деп жазады kolesa.kz.
«Дәл осы себепті, қала көшелерінде бір жақты қозғалыс енгізіліп, орталық көшелердегі қозғалыс жылдамдығы сағатына 40 шақырымға дейін шектелуде. Көріп отырғанымыздай, Құрманғазы көшесінің бойында ЖКО-ның саны 41 %-ке кемісе, Шевченко көшесінде төрт есе азайған. Сарапшылар мен қоғам қойған талаптар негізінде Әл-Фараби даңғылы, Саин көшесі мен Шығыс айналма жолындағы жылдамдық сағатына 60 шақырымға дейін шектеледі. Мұны бақылау үшін 142 орынға толық шолу мүмкіндігіне ие камералар қойылады. Жылдамдықты тек 20 км/сағатқа кемітудің өзі адам өмірін сақтап қалуы әбден мүмкін», — деп атап өтті ол.
Жаңа жол белгілерінің қашан қойылатынын Байбек ашып айтқан жоқ, алайда бұл іс келесі жылда-ақ іске асады деп айтылуда.