Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

8 мыңнан астам шетелдік Қазақстанда заңсыз тұрған

Сондай-ақ азаматтық қаруды сақтау талаптарының орындалуы мен ішкі істер органдарында есепте тұрған адамдар тексерілуде. Сонымен қатар өндіріс объектілері, ұйымдар мен мекемелер бақылауға алынды.

Учаскелік полицейлер гараждар мен саяжай аумақтарын, бос қалған ғимараттар мен құрылыс нысандарын, жылу трассалары мен құдықтарды тексеруде. «Учаске» операциясы барысында 1 миллионнан астам тұрғын үй мен саяжай тексерілді.

Аталған шара барысында 89 мыңнан астам әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Оның ішінде 8 мыңнан астамы – тіркеусіз тұру фактісі, 9,7 мыңнан астамы шетел азаматтарының көші-қон заңнамасын бұзуы. Үш жүзге жуық шетелдік сот шешімі бойынша елден шығарылды», – делінген ІІМ хабарламасында. «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз