Нұр-Сұлтан
Қазір
-14
Ертең
-6
USD
516
+0.32
EUR
536
-0.13
RUB
5.18
0.00

“8-ақ жаста…”. Алматы облысында интернат тәрбиешісі науқас баланы қинап өлтірген

168

Бұл сорақылықтың басы ғана. Осы мекеме басшылығы баланың ата-анасынан болған жайтты жасырғысы келді ме, әйтеуір «балаларыңның жүрегі тоқтап қайтыс болды» деп алдапты. Алайда, жүйке жүйесінің ауытқуымен дүнеге келген баласының көкала қойдай болған денесін көрген ата-ана өз көздеріне өздері сенбей, дереу полицияға хабар берген.

Оқиғаның бір апта бұрын болғаны анықталып отыр. 8 жасар Мұхамеджанның өз өлімімен емес, кісі қолынан мерт болғанын сот-медициналық сараптама бүгін көрсеткен. Бұл хабарды ести сала ата-ана интернат ғимаратына басып кірді.

Мұнда анықталғаны, баланы буындырып өлтірді деген күтуші 30 жаста екен, Есімі Мейрамкүл, үш баланың анасы. Полиция оны қамауға алып, қазір тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Ал, онымен күніге көрісіп, бірге жұмыс істесіп жүрген әріптестері әйелді онша танымаймыз деп сөйлесуден бастарын ала қашты.

Ал тумасынан жүйкесінде ауытқуы бар Мұхамеджан сөйлей алмаған. Сол себепті де, болған жайтты сол түні кезекте болғандардың ешқайсысы естімеген. Қазір марқұм баланың төсегі жинаулы.

Тек жуынатын бөлмедегі бет орамалы ғана қалған. Ал, қара жамылған отбасы тек күтуші әйел ғана емес, қылмысты жасырмақ болған интернат басшылары да жазалансын деп талап етіп отыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз