Нұр-Сұлтан
Қазір
22
Ертең
18
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

8 айда экономиканың өсуі 4,3 пайызға дейін артты – ҰЭМ

«Экономикалық шикізат емес сегментіндегі оң өзгерістерді айта кеткен жөн. Мәселен, шикізат емес сектор салымының нығайғаны байқалады. Ол 2,3 пайыздық тармақты құраса, ал шикізат сегментінің салымы 1,6 пайыздық тармақты құрады. Өсудің жоғары серпіні 6 базалық саланың төртеуі бойынша: өнеркәсіп, сауда, көлік, ақпарат және байланыс салаларында байқалуда. Өсу қарқынының бәсеңдеуі құрылыста және ауыл шаруашылығында байқалып отыр», – деді Руслан Даленов.
Оның айтуынша, елімізде әлі де кредит беру сегментінде қиындықтар бар.

«2017 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша кредиттер жыл басымен салыстырғанда 0,7% пайызға өсіп, 12,8 трлн теңгені құрады. Алайда пайыз мөлшерлемесінің жоғары болуы кредиттерді экономика инвестициялау үшін әлі де болса қиындатып отыр. Сонымен қатар инфляциялық процестердің баяулауы ҰБ базалық мөлшерлемесі біртіндеп төмендеуде», – деді министрдің орынбасары.
Сонымен қатар Руслан Даленов әлеуметтік сала мен жылдық инфляция көрсеткіштеріне тоқталды.

«Экономиканың нақты секторындағы жағдайдың жақсаруы нәтижесінде әлеуметтік көрсеткіштер де оң тренд көрсетті. Жылдық инфляция баялауп келеді. Ол ағымдағы жылы тамызда 7 пайызды құрап, нысаналы дәліз шегінде тұр. Айлық инфляция екінші ай қатарынан небәрі 0,1 пайызды құрап отыр. Жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайыз болып отыр», – деді ол.
Сөз соңында вице-министр еліміздің халықаралық резевтерінде қанша қаржы жиналғанын айтты.

«Теңгенің айырбас бағамының салыстырмалы түрде тұрақтауы аясында жыл басынан бері алтын-валюта қорының 11,6 пайызға, 32,9 млрд долларға дейін ұлғайғанын ескерсек, тұтас алғанда еліміздің халықаралық резевтері 90,9 млрд долларға дейін ұлғайды», – деп түйіндеді сөзін Руслан Даленов.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз