Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

79 миллиард теңгеге салынатын Ұлттық пантеонға кімдердің жерленетіні белгілі болды

130

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы The Qazaq Times-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Үкімет Ұлттық пантеонға байланысты қаулыға өзгертулер мен толықтырулар енгізді. Жаңа құжат бойынша, бұдан былай Ұлттық пантеонға министрлер, мемлекеттік орган басшылары, президенттің қарамағындағы азаматтар, республикалық маңызға ие қала, облыс әкімдері және Астана қаласының әкімдері жерленеді.

Бұған дейін Ұлттық пантеонға ҚР президенті мен оның отбасы мүшелері, премьер-министр мен оның орынбасарлары және парламент палатасының төрағалары, ҚР мемлекеттік хатшылары, Президент әкімшілігі басшылары, Коституциялық кеңес, Жоғары Сот, Ұлттық Банк төрағалары жерленеді делінген.

Былтыр Астана қаласының әкімі Ұлттық пантеон құрылысына 79 миллиард теңге кететінін айтқан. Пантеон Астана қаласынан 17 шақырым қашықтықта орналасқан Қабанбай батыр ауылы маңына салынбақ.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз