Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

65-ші жылғы апалардың WathsApp-тағы балағат сөздері жұртқа тарап кетті

Елуді алқымдаған апалардың бір-біріне жолдаған балағат сөздері көпке жайылып кеткен. WathsApp-тағы топтың әкімшісі болған Сандуғаш деген әйел аяқ астынан көңіл сұрауға байланысты ұрыс шығарады. Оған Бәтимә жауап берген. Сандуғаш ренжіп қалыпты. Сөзге тоқтамаған Сандуғашқа Бәтима қатты ашуланып, түрлі балағат сөздер айтып тастаған.

Әлеуметтік желі кез-келген заманауи адамның ажырамас бөлігіне айналды. Ғаламторда өз көзқарасын қорғау ермек, әуесқойлыққа ауысса, кейбіреулер үшін абыройлы іске айналды. Балаларына екпе салдыратындар салдырмайтындармен айтысып жатады, чайлдфрилар балалары барлармен, үкімет жақтаушылары оппозициямен, әйелі күйеуімен, әншілер модельерлермен қырқысып” жатады. “Желілік соғыстардың” кең етек алуының бірден бір себебі дейді мамандар, біздің кемелденуге талпынысымыздан. Топта бәсекеге түсіп, өзіңді қарсы қою “Мен мінсізбін”, “Мен олар сияқты емеспін, олар жаман, мен жақсымын”, деген дәрежені қолдауға көмектеседі. Ол мақсатқа жету үшін адам көзқарастары қисыныз, жосықсыз, заманауиға сай келмейтін “виртуалды дұшпандарын” таңдап алады. Сосын біртіндеп олардың пікірін мұқап, жоққа шығара бастайды.

Шындық үшін виртуалды шайқастарда нағыз қызу пікірталас туындайды. Бір-бірін сөзбен шымшу, қақпасөздер және соңғы шара — бан! Өмірі түрлі қызықты оқиғалардан кенде адамдар жарқын эмоция іздеп, әлеуметтік шайқастар алаңына барады, – дейді мамандар.

Хат-хабарлардағы жазысу шынайы, бетпе-бет әсерлерді алмастыра алмайды, сондықтан қанағатсыздық артып, агрессия дейңгейі күшейе түседі. Кейбіреулер үшін виртуалды әлемде шындықты қорғау уақытты өткізумен де байланысты. Әлеуметтік желілердің оқуға, жұмысқа қатысты пайдалы ақпарат алмасуда, кәсіби біліктілігін арттыруда, өз өнімін жарнамалауда әкелердің пайдасы зор. Шынайы толыққанды,табысты тұлға өз жеке өмірін әр жерде жарнамалап, кім көрінгенге құлақтандырмайды.

Ал, Инстаграм, Фейсбук тәрізді әлеуметтік желілерде сырттай жағымды әсер тудыратын жасанды әрекеттер көп. Барлық өмірі жұрттың назарында. Көрсететін, мақтанатын нәрсеңіз болса – көрсетіңіз! Ондай болмаса, көрсететін нәрсесі бар адамға репост жаса! Өміріндегі маңызды, маңызды емес жаңалықтарымен бөлісіп, ас-суын, таңғы асқа не жегені, кешкі асқа не жегені, қайда отырғанын жазып, ауыздарын дүрдитіп селфилатып, өзінің, одан қалды бала-шағасының не істеп жатқанын көрсетіп жатады. Тіпті апасын туған күнімен құттықтайды. Оны оқитын Инстарамда отырған апаны көріп пе едіңіз?

Бүгінде біздің мәдениетіміздің бәрі әйгілілікке, атақ-даңққа құрылған. Енді барлығы өзін-өзі көрсету, жариялау сәнге айналды.

Фейсбукте, Инстаграммда немесе өзге әлеуметтік желіде болмасаңыз, сізге еш жерде лайк баспаса, сіз бұл өмірде жоқсыз деген сөз. Ал сіз барсыз ба?

Аяжан Төрехан

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз