Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
3
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

6 жылдан бері ескі моншаны паналаған көпбалалы ана жұрттан көмек сұрады

“86 деп қолыма берген. Қазір міне, 2017 әлі жылжымаған, ештеңе де жоқ. Баратын жеріміз жоқ болғандықтан, келіп, иесімен сөйлесіп, “тұра тұрайық, көмектесіңіз” деп тұрдық осы жерге. Тұрсаңдар тұрыңдар, бірақ құлайын деп тұр. Абайлаңыздар, бала-шаға бар деді”, – дейді көп балалы ана Гүлбану Ысқақова.

Тамшылап аққан жауын суы түн ұйқыны бұзғанмен, тіршілік үшін күресте тосқауыл емес. Оның да амалы бар. Мынадай шағын ыдыстар қойып, суы толғанда, төгіп отырады. Гүлбанудың екі баласы кәсіптік колледжде жатып оқиды. Ал мына екі бүлдіршін мектеп табалдырығын аттаған. Бірақ күн бұзылғалы үйде отыр. Жеңіл аяқ киіммен ауырып қалса, дәрі алатын ақшаны қайдан табам деп, анасы сабаққа  жібермепті.

“Мен дәу үйге барғым келеді. Жаңа жылды сол үлкен үйде қарсы алғым келеді. Сосын сол үйде анаммен, әкеммен, бауырларыммен тұрсам деймін. Бүлдіршіндердің арманы қазір орындала қоймайтын сыңайлы. Өйткені жергілікті билік, қолдан келер шара – әлеуметтік жағынан көмек көрсету”, – дейді Гүлбану Ысқақованың қызы Диана Құрманбек.

Ал аталған аймақтың әкімі дәл осындай отбасылардың көп екенін және барлығына бірдей көмектесу мүмкін емес екенін айтып өтті.

“Енді ондай жер телімдері бүгінгі күнде жоқ. Қарастырылған да жоқ. Алдағы уақытта болып жатса, олардан да бөлек тізімде тұрған 300-ге жуық адам бар. Пәтер жағдайын қарастыру алдағы уақытта демеушілер көмегімен жүзеге асуы мүмкін. Егер келіп жатқан жағдайда біз көмек көрсетеміз”, – дейді Алматы облысы Қарасай ауданы Жамбыл ауылдық округі әкімінің орынбасары Ильяс Қалиев.

Тар бөлмеге тығылған бүлдіршіндерге ғайыптан көмек келмесе, әзірге осы жерде біраз жыл тұруға тура келеді. Отбасы үшінші топтағы мүгедек отағасының азын-аулақ тапқан ақшасы мен мемлекеттен бөлінетін 40 мың теңгеге өлместің күнін кешуге мәжбүр.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз