Нұр-Сұлтан
Қазір
13
Ертең
13
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

“6 стратегиялық бағыт”. Қазақстан ғарыштық державаға айналудан үмітті

Нұрғожин бұл ретте былай дейді: 

«Осы орайда экологиялық жағынан қауіпсіз «Бәйтерек» атты зымыран кешенін құру жоспарланып отыр. Аталған кешен Байқоңыр ғарыш айлағындағы «Зенит-М» нысандары негізінде құрылады. Бұдан бөлек, жеңіл және өте жеңіл санатқа жататын зымыран тасығыштар жасалады».

Күні кеше Қазғарыштың 25 жылдығына арналған форум өтті. Осынау іс-шарада отандық ғарыш саласының стратегиялық бағыттары талқыланған болатын. 

Ендігі кезекте стратегияның екінші бағытына кезек берсек. Бұл – ғарыш арқылы байланыс пен хабар тарату қызметтерін желісін кеңейту. Осының аясында сонымен қатар көрші мемлекеттердің байланыс операторларына транспондерлерді (ғарыштық құрылғы) жалға беру ісі жоспарланып отыр екен. Сондай-ақ, KazSat-2R мен KazSat-3Rжер серіктері де құрастырылады.

Аталған аппараттар 2023-2029 жылдары пайдалануға беріледі деген жоспар бар.

Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Марат Нұрғожиннің  стратегияның келесі бағыты – үшінші бағытқа сәйкес, жер әлемді қашықтан зондау қызметтерін кеңейту қажет. Ендігі кезекте Қазақстан үшін геопорталдар мен гесосервистерді құру арқылы ақпараттық қызмет көрсетуге көшкен маңызды. Осыған орай қазіргі күні KazGeoSat-тың екі жер серігі жасалып жатыр. Олар қазіргі аппараттарды кез келген уақытта алмастыра алатын әлеуетке ие. Сонымен қатар, алдағы бес жылда KazSat-1 радарлық жер серігін құрастырып шығару жоспарланып отыр екен

“Сөйтіп, ғарыш саласындағы қызмет көрсетудің әлемдік нарығына шығуымыз қажет. Стратегияның төртінші бағыты да аса маңызды. Бұл бағыт бойынша ғарыш техникасын өз жерімізде құрастыруды көздейді. Аталған міндетке сәйкес, отандық материалдардың көлемін 55 процентке жеткізу керек. Шет елдерден тапсырыс алу қарастырылып отыр. Бесінші бағыт аясында Қазақстан ғарыш кеңістігін зерттеудің жаһандық жоспарына атсалысатын болады. Осыған орай, диаметрі 10 метр болатын автоматты телескопты орнату жоспарланған.

Алтыншы бағытқа сәйкес, спутниктік навигация қызметтері кеңейетін болады. Соның аясында геодезия мен картографияға арналған қосымшалар жасалады. Айта кетейік, ағымдағы жылы Қазақстанның жаңа екі жер серігі ғарышқа  ұшырылады. «Жылдың соңында бір тағы екі жаңа жер серігін ғарышқа ұшырайын деп отырмыз.

Аталған құрылғыларды Қазақстан мен Ұлыбритания мамандары құрастырғанын айта кетейін. Қазірде аталған жоба 98 процентке дайын. Соның арқасында қазақстандық мамандардың бес бірдей жаңалығы сынақтан өтеді. Олмамандардың барлығы Еуропа мен Ресейден тәжірибе жинақтап қайтқан», – деп атап көрсетті бұл ретте М.Нұрғожин. 

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз