Американың Висконсин штатының 59 жастағы тұрғыны Стивен Пирус ресейлік көңілдесіне үйлену үшін өз үйін жарып жіберіп, әйелін өлтірген.
Тергеу мәліметінше, ер адам әйелін атып өлтіріп, артынша үйдегі тұрмыстық газды ашып, жарып жіберген. Полиция қызметкерлері әйелдің мәйітін тауып, оның зорлық-зомбылық құрбаны болғанын анықтаған. Қылмыскер ұсталып, өз айыбын мойындады. Тергеу барысында оның бұл іске көңілдесіне бола барғаны анықталған.