Нұр-Сұлтан
Қазір
6
Ертең
2
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

52 адам ажал құшқан автобус өрті: тергеу жұмыстары тағы бір айға ұзартылды

Қылмыстық кодекстің «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бабы бойынша іс қозғалып, қазір уақытша тергеу изоляторында үш автобус жүргізушісі отыр.

Күзетпен ұстау туралы бұлтартпау шарасы кезінде жүргізушілер өз кінәсін мойындаған жоқ. Алғашында 24 наурызға дейін күзетпен ұстау туралы бұлтартпау шарасы қолданылып, ұзартылды.

Ақтөбе облыстық соты баспасөз қызметінің хабарлауынша, санкция уақыты тағы бір айға ұзартылып, тергеу 21 мамырға дейін жалғасады. Еске салсақ, 18 қаңтар күні Өзбекстан азаматтары мінген автобус өртеніп, 52 адам ажал құшқан болатын. Үш жүргізуші аман қалып, олар тергеу оқшаулағышында отыр

Олар: Нұржан Қырғызбаев, Мақсат Пернебеков, Барат Таңатов. Бәрі Оңтүстік Қазақстан облысының азаматтары. Полиция автобустың иесіне іздеу жариялады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз