2018 жылдың 16-ақпанында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қытайдың ең ірі CCTV телеарнасына сұхбат беріп, Қазақстан-Қытай қарым-қатынасына қатысты өз ойын білдірді.
Елбасының Қытай телеарнасына сұқбат беруіне не түрткі болды. Бұл сауалға «Қазақ үні» ұлттық порталына сұқбат берген ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының жетекші сарапшысы Жұмабек Сарабеков жауап беруге тырысты.
Атап айтқанда, соңғы жылдары Қазақстан мен Қытай арасындағы экономикалық серіктестік қарқын алуда. Өз сұқбатында президент «Нұрлы жол» бағдарламасы мен Қытайдың «Белдеу мен жол» бастамасының ортақ мақсаттарына тоқталып өтті. Қазіргі уақтта Қазақстанда осы серіктестік аясында ел аумағында түрлі өндірістерді құру бойынша 51 жоба іске асырылуда.
– Өз сұқбатында президент жасыл энергетика саласында қызмет етіп жүген қытайлық компаниялармен байланыс орнатудың әлеуеті мол екендігін де атап өтті.
Бүгінгі таңда Қытай бұл салада әлемдегі көшбасшылардың бірі және күн батареяларын өңдеу бойынша бірінші орында тұр. Қытайдың Қазақстандағы 51 жобасының ішінде осы саладаға қатыстылары да бар.
Мысалы, Алматы облысында гидроэлектростанциясы, жел және күн электростанциялары салынады деп жоспарлануда. Тұрғын ГЭС-інің әлеуеті мол, оның энергиясы қытайлық инвесторлар көмегімен салынатын анодтық мыс өңдеу зауытына жұмсалатын болады.
Осылайша, Қазақстан мен Қытай арасындағы «Нұрлы жол» және «Белдеу мен жол» бағдарламасы аясындағы серіктестік ел экономикасын индустриаландыру және жаңғыртудағы басты аспект болып табылып, шикізат өңдеу, мемлекеттің «жасыл» әлеуетін арттыру бойынша жаңа өндіріс көздерін ашуға септігін тигізбек.
– Президенттің ҚХР-дің ірі телеарнасына сұхбат беруі Пекиннің «Белдеу мен жол» жаһандық бағдарламасын жүзеге асыруда елімізге ерекше көңіл бөлетіндігін білдіреді, – деп түйіндеді сөзін сарапшы.