Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

47 жыл бойы сабап келген күйеуін өлтірген әйелге президент кешірім берді

Соңынан Елисей сарайынан жасалған мәлімдемеде Олланд «Әйелдің орны түрме емес, отбасында болуға тиіс деп ойлаймын» деген. Президенттің бұл шешімі Сабажды босату үшін кампания бастартқан топтар аясында сүйінішпен қабылданды. Айта кетсек, Сабаж ұлы асылып қалған күннің ертесінде күйеуін тапаншамен атып өлтірген. Ал, оны босату кампаниясын қолдағандар саны ішінде депутаттармен қоса 430 мың адамды құраған. Кампанияны қолдаушы ретінде Президен Олланд Сабаждың үш қызымен кезіккеннен кейін шартсыз түрде аналарының бостандыққа шығуын қамтамасыз етті. Айта кетсек, Ноберт Мароттан 47 жыл зәбір көрген әйел 4 рет ауыр жағдайда ауруханаға түскен. 2012 жылдың 9 қыркүйегінде ұлы өзін асып өлтірді. 2012 жылдың 10 қыркүйегінде күйеуін ту сыртынан үш рет оқ атып өлтірді. 2014 жылы қазан айында «қастықсыз адам өлтіруден» 10 жыл түрмеге кесілді. 2015 желтоқсан Апелляциялық сот шешімін күшінде қалдырды. 2016 қаңтар президент Олланд Саваждың қыздарымен кездесіп, құқықтық орындардан Саважды мерзімінен бұрын босатуды өтінді. Конституциялық құқын пайдаланып, ішінара рақымшылық жасады. Дегенмен сот Саваж «жасаған қылмысына кешірім сұрамағаны» үшін Саважды толықтай босатпады. 2016 жыл, 28 желтоқсан, Саваж президенттің рақымшылығымен толықтай босап шықты.

 

Дереккөз: qamshy.kz порталы  

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз