Нұр-Сұлтан
Қазір
17
Ертең
2
USD
446
-0.83
EUR
475
-0.80
RUB
4.78
-0.01

400 мың теңге – жас мұғалімдердің әділ жалақысы – депутат

Қазақстандық мұғалім

Қашықтықтан оқыту форматының аяқталуы мектептердің де, педагогтардың да жетіспеушілігін айқын көрсетті.

Кейбір мектептерде бірінші сынып оқушыларының көптігіне байланысты “Ы” және “У”сыныптарын ашуға мәжбүр болған. Мұғалімдерге түскен үлкен жүктеме қазірдің өзінде жағымсыз салдарға алып келуде. Мысалы, алматылық мектептердің бірінде бірінші сынып мұғалімі инсульт алды. Оның сыныбын өз сыныбы бар болса да, басқа бір жас мұғалімге жүктеді. Жалақысы төмен болғандықтан мұғалімдер жұмыстан кетіп жатыр. Егер бүгін шара қолданылмаса, болашақ ұрпаққа білім беретін ешкім қалмайды…

Жетіспеушілік және шамадан тыс жүктеме

Мәжіліс депутаты Ирина Смирнованың айтуынша, мектептердің жетіспеушілігі –Қазақстандағы демографиялық өсуге байланысты туындаған өзекті мәселелердің бірі.

– Мектеп құрылысы бұрын да шет қалған еді. Мектептер екі және үш ауысымда оқитын. Екі ауысым әдетте қалыпты нәрсе болып табылады. Бірақ іс жүзінде ешқандай да қалыпты болмаса да, бұл тек мәжбүрлі шара. Біз толып отырған сыныптарды көреміз. Мектептер барлығын қабылдауға тырысады. Бірақ бұл жалпы қиындықты шешпейді. Сыныптардағы оқушылардың көптігі олардың денсаулығына кері әсерін тигізеді .

Яғни, балаға оттегі жетіспейді де вирустық инфекциялардың ықтималдығы артады. Және де, әр оқушыға аз көңіл бөлінеді

Айырмашылық бар, сыныпта 24-25 бала отырса, бұл қалыпты жағдай, немесе 50 бала отырса қалай болады. Әрине, мұндай оқушы шамадан тыс көп сыныптарда жұмыс істеу мұғалімге де қиын. Өйткені, ол бәріне білім беруге міндетті, ал оқушылар тым көп, бәрін қадағалап үлгермейді.

Ирина Смирнова. Фото: Sputnik

Дәптерлерді тексергені үшін сыныпқа төлейді. Бірақ ауыл мектебінің мұғалімінде бір сыныпта 15 бала, ал қалалық мектепте 40-тан артық болуы мүмкін екендігі ескерілмейді. Тиісінше, жүктеме де мүлдем тең емес. Ал кадрлардың жетіспеушілігі болған жағдайда мұғалім екінші және үшінші сыныпты алуға мәжбүр.

Мұғалімдер қайда кетеді?

– Сондықтан көпшілігі шыдай алмай, мектептен кетіп жатыр ма?

– Иә, көптеген оқытушылар репетиторлықты артық көреді. Оның артықшылығы –оны ешкім тексермейді және лицензияланбайды. Сонымен бірге еңбекақыны да тікелей ата-аналар төлейді және ешқандай салық ұстамайды. Бүгінгі таңда мектептерде әртүрлі репетиторлық курстар мен қосымша сабақтар көбейді. Оларда да мұғалімдер жұмыс істейді. Сонымен қатар, олар көптеген басқа бағыттарда да сұранысқа ие: туристік салаға кетеді, компания басшыларының көмекшісі болады және т.б. Бұл ретте болашақ мұғалімдер жоғары оқу орнында оқи жүріп, жоғары шәкіртақы алады. Шындығында,

қазір педагогикалық мамандықтарға түсетін түлектерге қойылатын талаптар әлдеқайда қатаңдатылды. Бұрын басқа мамандықтарға баллы жетпегендер педагогикалық оқу орындарына баратын

Ал бітірген соң, мамандығы бойынша жұмыс істемейді. Қазір оның бәрін ретке келтірді. Қазіргі кезде грантта оқыған түлектер мектепте жұмыс істеуге міндетті.

1 000 жаңа мектеп

– Бірақ мұндай ережелер енді ғана енгізіле бастады. Нәтижесін 3-4 жылдан кейін көреміз. Ал мұғалімдердің жетіспеушілігі әзірге қиындық күйінде қалады. Білім министрлігі 2025 жылға дейін 800 мектеп салуға ниет білдіргенін білеміз. Ал

президент өзінің соңғы Жолдауында 1000 жаңа мектеп салынатынын айтты. Оларда кім жұмыс істейді? Бұл туралы бірінші кезекте ойлану керек

Қазір Білім туралы заңның беретін мүмкіндігін тез пайдалануымыз керек. Ал ол шын мәнінде қалайтын, бірақ бейінді мамандығы жоқтарға мектепте жұмыс істеуге рұқсат береді.

— Мұны қалай жүзеге асыруға болады?

— Мысалы, адам мамандығы бойынша математик, бірақ мұғалім емес. Ол механика және математика факультетін бітірді делік. Міне, және

оған педагогикалық бағыт бойынша пединститутта қысқа мерзімді оқудан өтуге мүмкіндік беру керек

“Педагогика”, “психология”, “адам физиологиясы” және тағы басқа мамандықтар бойынша — барлық арнайы пәндерден. Содан кейін ол мектепте жұмыс істей алады. Бұл мектептегібілім беруге мамандарды тарту үшін қажет. Сонда бұл тек олар үшін ғана емес, мектептер үшін де жақсы мүмкіндік болады. Себебі жаңа адамдар келеді. Бұл туралы Білім министрлігі ойлануы керек.

Жалақы ынталандырмайды

— Бір жыл ішінде ҚР-да білім беру саласы қызметкерлерінің жалақысы 27%-ға өсті. Бірақ көптеген мұғалімдер әлі де аз алады. Тағы көтеру керек пе?

– Жаңа бастаған мұғалім үшін де жалақыны жоғары қою керек. Қазір еңбек өтілі мен біліктілігі жоғары педагогтар ғана айына 300-400 мың теңге жалақы алуы мүмкін. Ал

жас мұғалімдер айына 100-120 мың алады. Уақыттың көп бөлігін, соның ішінде кешке үйге келген соң ертеңгі сабаққа дайындалатынын ескеріп

Сонымен қатар, бұл жоғары жауапкершілік. Әрине, жалақыға қосылуы мүмкін. Егер мұғалімнің магистр дәрежесі болса, 35 мың қосылады; егер мұғалім ағылшын тілінде сабақ берсе — онда да 35 мың. Бірақ егер адам тек колледжді бітіріп, мектепке бастауыш сынып мұғалімі болып келсе, оның жалақысы төмен болады.

Финляндияда былай жасады: мұғалім жұмыстың алғашқы күндерінен бастап жоғары жалақы алады. Бірақ әр жолы ол өзінің біліктілігін дәлелдеуі керек

Яғни, оған қойылатын талаптар жоғары – ол нәтиже көрсетуі керек. Егер Қазақстанда жас мұғалімдерге 300-400 мың жалақы төленетін болса, жастар мектептерге жұмыс істеуге барады. Мен сол уақытты күтемін. Бұл тәсіл білім беруге үздік жас мамандарды тартуға мүмкіндік береді.

Тәсіл өзгеруде

— Педагогикалық мамандықтарға қойылатын талаптардың күшеюі қандай әсер береді?

— Қазір түлек педагогикалық жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін бірден жұмысқа бара алмайды. Оған дипломы мүмкіндік бермейді, ол әлі де сертификаттаудан өтуі керек. Сосын ол ең мықты студенттерді дайындайтын мекемелерді оқу орындарын анықтайды. Оған оқуға түсетіндер көп. Ал қалған ЖОО-лар өздерін түлектер таңдауы үшін білім беру сапасын арттыруға мәжбүр болады.

— Бүгінде мектептерде кеңес мектебінде жұмыс істеген зейнеткерлік жастағы және зейнеткерлікке шығуға аз қалған педагогтары еңбек етеді. Олар жас мұғалімдерге тәжірибе беру үшін қандай да бір бағдарламалар жасау керек пе?

– Мектептерде тәлімгерлік бар, ол үшін айына 17 мың теңге төленеді. Бір қиындығы – зейнетке шығуға аз қалған мұғалімдер мен жас кадрлар арасындағы алшақтық тым үлкен. Әр түрлі ұрпақ. “Әке мен бала” санатынан емес, “ата мен шөбере” дерсің.

Мұғалім бәрібір де заманауи болуы және білім берудегі жаңа бағыттарды түсінуі керек деп санаймын. Тәлімгерлік аясында өзара үйрену жүргізіледі

Ересек ұрпақ өз тәжірибесін үйретеді, ал жастар жаңа технологияларға баулиды және т.б. Бірақ табиғи қартаюды тоқтату мүмкін емес екенін түсіну керек, сондықтан жаңа мұғалімдерді іздеу керек. Ал қазір бәрі ересек буынға пайдалы болып тұр, өйткені жас педагогтар мектепке баруға ұмтылмайды.

Өз құқықтары мен міндеттерін білу

– Мұғалімдерге тым көп қосымша жұмыс беріп қоятындықтан да мектептен қашады. Мұны қалай өзгертуге болады?

— Қазір мұның барлығы дерлік алынып тасталды. Мұғалімнің тікелей міндеттері ғана қалды. Иә, бұрын болған және біз бұған бірнеше рет қарсы шықтық. Әрине, қазір де кей жерлерде болады. Бірақ мұғалім өз құқықтарын біліп, өзіне тән емес жұмыстарды орындаудан бас тартуы керек.

Бүгінгі таңда мұғалімдерді қоғамдық жұмыстарға тартса, шенеуніктер жауапқа тартылады

Мәселен, жақында Түркістан облысында мұғалімдерді гольф алаңында жұмыс істеуге жіберген. Олар шағымданды. Мектеп директоры қызметінен босатылды.

– Қашықтықтан оқыту мұғалімдерге және олардың кәсіби деңгейіне қалай әсер етті? Көптеген ата-аналар босаңсып кетті деп шағымдануда…

– “Удаленкада” сабақ беру мұғалімдер үшін офлайн форматқа қарағанда қиын болды. Екінші жағынан, осы кезеңде олар жаңа шынайы жағдайда дағдыларға ие болды. Білім министрлігі мұғалімдерге бейімделуді жеңілдету үшін арнайы оқу ұйымдастырды. Және

іс жүзінде мұғалімдер алған білімдерін шыңдады

Мұның бәрі олардың жұмысын офлайн режимінде жетілдіруге ықпал етеді. Менің ойымша, біздің мұғалімдердің көпшілігі босаңсыған жоқ. Олар өздеріне жүктелген функционалдық міндеттерді бұрынғысынша орындауға тиіс. Әр мектепте осы мәселелерді бақылайтын әкімшілік бар. Ал “босаңсығандарын” жұмыстан босату керек немесе әкімшілік әдістермен жұмыс істеу керектігін көрсетуі керек. Ол үшін барлық механизмдер жасалған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз