Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
21
USD
475
+0.11
EUR
516
+0.21
RUB
5.5
-0.08

4 жасар баласын тірідей өртеп жіберген әкесінің әрекеті казнетті шулатты

301

Бахром Дадаханов бірге тұратын әйелмен ұрысып қалған. Ашуға булыққан ол өзін, әйелді және төрт жастағы баласын өлтіргісі келген, деп жазды жергілікті ақпарат құралдары.

Сотталушы ауладағы автокөлігінен канистрге бензин құйып әкелген. Үйінде ол бензинді үстіне, әйелге, бөлмедегі жиһазға төккен. Өрт шыққан уақытта Дадаханов әйелмен бірге үйден қашып шыққан, ал олардың баласы өртенген үйде қалып қойған.

“Тергеу кезінде Дадаханов үйді басқа біреулер өртеді деген. Бірақ жәбірленуші тарап бұны жоққа шығарды”, – деді Челябинск облысы прокурорының аға көмекшісіНаталья Мамаева.

Бахром Дадаханов 19 жылға сотталды, ол жазасын қатаң режимдегі түзеу колониясында өтейді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз