Ішкі істер министрлігінің еліміздің аумағында қыркүйекте бастаған «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы аяқталды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Учаске» қорытындысы бойынша 9 мыңнан астам жалға берілетін пәтерлер тексерілді. Нәтижесцінде, мекенжайларда тіркеусіз тұрған 37 мыңнан астам азаматтар, сондай-ақ адамдар тіркеліп тұрақты тұмайтын пәтерлердің 1 мыңнан астам иелері әкімшілік жауапкершелікке тартылды.
Қазақстан Республикасында болуы тәртiбiн бұзғаны үшін 20 мыңнан астам шетел азаматы анықталды, сол себепті соттың шешімі бойынша 2 мыңнан астам шетелдік еліміздің аумағынан тыс шағырылды.
Тұрақты мекен-жайы жоқ 11 мыңнан астам адам ұсталды.
Заңсыз айналымнан 521 дана атыс қарулары және олардың 1 мыңнан астам оқ-дәрісі алынды.
2 мыңнан астам қару иелері сақтау ережесін бұзушылықты жоюға дейін уақытша қару пайдалану құқығынан айырлды.