Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

«360 мың теңге?!». Гуанчжоудағы қытайлар қарапайым алматылықтардан екі есе дәулетті

124

Олардың кейбіреулері туристік агенттіктерге барып, «Барлығы қосылған» турларының жолдамасын сатып алса, басқалары демалысқа баратын жерді өз қалауы бойынша таңдап, барып-келуді дербес жоспарлап жатады.

2017 жылы қазақстандық туристер үшін ең танымал, адамдар демалысқа көбірек таңдаған бағыт Қытай болды.

Шығыстағы айдаһар елдің оңтүстік аймағындағы теңіз порттарына сапар тамаша демалыс пен жақсы заттар сатып алуға мүмкіндік тудырады.

Қытай байып барады

Оңтүстік Қытай Қытай Халық Республикасының ең жақсы дамыған аймағы. Мұндағы орташа айлық еңбекақы барлық алым-салықтарды ұстап қалғаннан кейін 356 мың теңгеден астам соманы құраса, Алматыдағы орташа айлық 138 мың теңгеден аспайды.

Еңбекақыдағы екі еселік айырмашылыққа қарамастан,

Гуанчжоуда салыстырмалы тауар түрлері мен қызметтер бағасы орташа есеппен 25% жоғары, ал тұрғын үйді жалға алу ақысын қосқанда, 36%-ға қымбат.

Солай десек те, көптеген тағам түрлерінің бағасы арзанырақ, мәселен, мейрамханадағы түскі асқа орташа есеппен 13% арзан төлейсіз.

Түнгі Гуанчжоу

Табыстардағы және тауарлар мен қызметтер бағасындағы айырмашылықтарды есепке алғанда, Гуанчжоу тұрғыны орташа алматылықтан екі есеге жуық көлемде дәулетті тұрады. Егер Алматыда орташа отбасының айлық  бюджеті 600 мың теңгені құраса, Гуанчжоудағы тиісті тұрмыс деңгейі теңгеге шаққанда, шамамен бір айда 816 мың болады.

Тұрғын үй қымбат, жалға алу арзан

Гуанчжоу, Шэньчжэнь және Гонконг 40 миллионнан астам тұрғыны бар әлемдегі ең ірі супермегаполисті құрайды. Коммунистер басқарып отырған Қытайда тұрғын мәселесі де өте табысты шешілген: жаңадан салынған тұрғын үй ғимаратарының 95% XXI ғасырда бой көтерген.

Жергілікті банктер 20 жылға 5,5% жылдық үстемемен ипотекалық несие беруге дайын.

Қазіргі таңда қытайлықтардың 90% меншікті үйге ие, бұл АҚШ-тағыдан (64%), Франциядан (65%), Германиядан (51%), жалпы Еуроодақтағыдан (69%), Оңтүстік Кореядан (56%) және Ресейден (87%) көп.

Гуанчжоу — ҚХР-да жылжымайтын мүлік бағасы бойынша көшбасшы, сондықтан аумағы бірдей пәтер сатып алу мұнда Алматымен салыстырғанда, 3-4,5 есе қымбатқа түседі.

Дегенмен жалға алу ақысындағы алшақтық соншалықты үлкен емес. Егер Алматыда 1 бөлмелі пәтерді айына 77 мың теңгеге жалға алуға болса, Оңтүстік Қытай астанасында ондай пәтерді жалға алу 120 мың теңгеге түседі.

Сонда Алматы тұрғыны 1 бөлмелі пәтерді жалға алуға еңбекақысының тең жартысын жұмсаса, халық саны аса көп Гуанчжоу тұрғыны бұған еңбекақысының үштен бір бөлігінен сәл астам соманы төлейді.

Коммуналдық қызметтер бағасы да арзандау: аумағы 82 шаршы метр пәтер үшін бір айлық толық пакет (свет және су, жылыту және салқындату, қоқысты шығару) Алматыдағыдан 20% арзан түседі.

Гуанчжоудағы бала бақша қызметі айына, шамамен, 40 мың теңгеден (мектеп жасына дейінгі мемлекеттік мекеме) 120 мың теңгеге дейінгі  (меншікті, ағылшын тілін оқытатын мекеме) соманы құрайды.

Бүлдіршіндерді бала бақшаға 3 жастан қабылдайды, олар бірыңғай үлгідегі киіммен және кішкентай рюкзакпен қамтамасыз етіледі, көптеген бала бақшалардың бүлдіршіндерді жинайтын таңғы автобустары болады.

Төленетін бағаға сапалы тамақтандыру, жақсы білім беру бағдарлмасы кіреді: 6 жасқа қарай бүлдіршіндер математика негіздерін игеріп, 400 иероглиф білетін болады.

Тамақ арзан, темекі қымбат

Гуанчжоу көптеген тауарлардың әлемдік «фабрикасы», сондықтан мұнда киім, аяқ киім және электроника арзанырақ.

Алайда

бір литр АИ-92 бензині 347 теңге тұрса, белгілі маркалардағы жаңа автомобильдер 10-45% қымбатқа түседі.

Гуанчжоудағы кабельдік шексіз (60 Mbps) 45% қымбат болады, ал мобильдік байланыстың бір минуты Алматыдағыдан 20% қымбат. Сонымен қатар, таксимен жүру үшін екі есе қымбат төлесеңіз, қоғамдық көлікпен жүріп-тұру 20-30% қымбат болады. Ал фитнес-клуб абонементтері арзанырақ.

Тұрғындардың табыс деңгейі сатушыларға бағаны салыстырмалы түрде жоғары деңгейде ұстауға мүмкіндік береді.

Тағамдар ішінде сүт өте қымбат (шамамен, 2 есе) тұрады, ал жаңа пісірілген ақ нан үш есе қымбат. Бұл қытайлықтар күнделікті тұтынатын тағамдар емес, ал әдеттегі күріш және жергілікті ірімшік бір жарым есе қымбатқа түседі.

Жұмыртқа және тауық еті  үш ширек қымбат болса, сиыр еті екі есе қымбат. Алма, жуа және картоп 1,5-2 есе қымбат болса, қызанақтар мен банан біршама арзандау.

Гуанчжоуда ішімдік қымбат: жергілікті шараптың 05 литрлік бір шөлмегі орташа есеппен 3340 теңге тұрса, 0,5 литрлік шөлмектегі сыраға 300 теңгеден жоғары төлейсіз. «Мальборо» темекісінің бір пәшкісі 1081 теңге тұрады.

Дегенмен Оңтүстік Қытайдың астанасы тамақсаулардың көңілінен шығады: жергілікті кафедегі тамақтану құны 1 мың теңгеден аспайды, ал Алматы кафесінде тамақтану үшін, кем дегенде, 2 мың теңге төлеуге мәжбүр боласыз; бірақ тағамдардың порциясы көз қуантады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз