Нұр-Сұлтан
Қазір
-12
Ертең
-9
USD
517
+8.88
EUR
543
+7.70
RUB
4.98
-0.08

“35 адамға вакцина салды”. Байқоңырдағы оба індеті туралы тың мәлімет жарияланды

268

Шуылдауға негіз жоқ

Ал елге бұл жайттың тарап кетуіне санитар бас врач хатының көшірмесінің әлеуметтік желіде пайда болуы түрткі болған. Осыған байланысты Қызылорда облыстық обаға қарсы стансасының бастығы Алма Матжанова прокуратуға шағым түсіретіндерін айтып отыр.

Ол бұл хаттың әлеуметтік желіге қалай тарап кеткенін анықтағысы келеді екен. Елімізде обаға қарсы жұмыс жылда жүргізіледі екен.

Адамдарға қауіп жоқ

Денсаулық министрлігінің Қоғам денсаулығын қорғау комитеті де зертханалық зерттеу кезінде 14 кеміргіштен оба дерті анықталғанын растады.

“Жануарлар арасында дерттің анықталғанынан „Байқоңыр„ ғарыш кешені басшылығы хабардар етілді. Ал олар өз кезегінде өздеріне қарасты аймақ пен адамдарды зарарсыздандыру туралы шешім қабылдаған. Бұл ақпарат Қармақшы ауданының әкімдігі мен ветеринар қызметіне жеткізілді”, – делінеді хабарламада.

https://kaz.365info.kz/bajkhonyr-abyr-sabyr-khaladan-khauipti-indet-tabylyp-shygyl-komissiya-khyryldy-269546

“Үй жануарлары мен адамдардың оба дертін жұқтырғаны туралы дерек тіркелген жоқ”, – деді министрліктегілер.

Жалпы, ТМД елдері территориясында 2 млн шаршы жер телімінде обаны қоздырушылар бар екен. Сондықтан жылда обаға қарсы стансалар бұл бағыттағы құбылыстарды зерттеп, бақылап отырады.

“Бұл оқиға қалыпты жағдай, жыл сайын тіркелетін жайт, одан соң үнемі зарарсыздандыру бойынша шаралар қабылданып отырады. Барлық жағдай бақылауда”, – деді комитеттегілер.

Қазақстанда оба ошақтары сегіз өңірде бар екен: Ақтөбе, Атырау, Алматы, Жамбыл, БҚО, Қызылорда, Маңғыстау, ОҚО, Қарағанды, ШҚО. Бұл өңірлерде обаға қарсы стансалар жұмыс істейді.

Қазақстанда 2003 жылдан бері оба дертіне шалдыққандар тіркелмеген.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз