Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
13
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Мәжіліс Балалардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған заң жобасын мақұлдады

245

Соның iшiнде ол Қазақстан Республикасы ратификациялаған Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Балалар құқықтары туралы конвенциясында бекiтiлген жалпыға бiрдей танылған қағидаттар мен нормаларға сәйкес қабылданған. Заң жобасы балалардың психо-физиологиялық ерекшелiктерiн ескере отырып, олардың әртүрлi жас топтарына арналған ақпараттық өнiмнiң мазмұнына қойылатын өлшемшарттарды бекiтудi көздейдi.

Барлығы «жас санаты» белгiсi берiлетiн балаларға арналған ақпараттық өнiмнiң алты санаты көзделедi. Заң жобасы ақпараттық өнiмге «жас санаты» белгiсiн түсiруге, жалпыға ортақ пайдаланылатын ақпараттық-телекоммуникациялық желiлер, оның iшiнде интернеттi пайдалана отырып таратылатын ақпаратқа балалардың қол жеткiзуiн шектеудi көздейдi.

Балаларға арналған ақпараттық өнiмдi таратуға талаптар енгiзiледi», – дедi Мәжiлiс депутаты Бекболат Тiлеухан.

Депутаттың айтуынша, мәжiлiсмендер заң жобасына бiрқатар түзету енгiздi.

Атап өтсек, бiрiншiден, жас сыныптамасын және тиiстi санаттағы ақпараттық өнiм белгiсiн түсiрудi жүзеге асыратын субъектiлердiң саны қысқартылады,

екiншiден, балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигiзетiн ақпараттан қорғау саласында қоғамдық бақылауды жүзеге асыруға жұртшылықтың қатысуын қамтамасыз етедi.

Үшiншiден, өкiлеттi органға ақпараттық өнiмге жас сыныптамасын беру әдiстемесiн әзiрлеу және бекiту функциясы берiледi,

төртiншiден, уәкiлеттi мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы органдардың заң жобасы ережелерiн iске асыру бойынша құзырет түрiн нақтылауға бағытталған бiраз түзетулер енгiзеледi.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз