Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
22
USD
440
0.00
EUR
474
0.00
RUB
4.82
0.00

31 арна “Көрген Сіздер” арқылы қазақ тілін мазаққа айналдырып отыр

298

Жалпы, телеарналардағы кейбір бағдарламалардың атаулары қазақ тілінің мазаққа айналуына ықпал етіп отыр.

Мәселен, “Қалаулым”, “Келіндер бәйгесі”, “Кел, келінім” деген жобалар бар.  Қазақ ұнатқан, сүйген адамын “қалаулым” дейтін бе, еді? Ал, бәйгеге келінін  салған қай қазақты көрдіңіз?

Бірақ, қазір шоу бағдарламаларда “елдің назарына іліксек болды” дейтін қызық ұстаным бар секілді. Яғни, айтар ой маңызды емес, бастысы, елдің назарын аудару. Ал, назар аударту үшін бейәдеп сөздерді айтпағанда, эфирде төбелесіп те жатады. Бірақ, осынша жасандылықтың кімге не үшін қажет болғанын түсінбедік. Бәлкім, бұл да халықтың назарын маңызды мәселелерден бұрып алудың амалы шығар…

Қалай десек те, қазіргі арналар ойын-сауықтық ұстанымды шектен асыра орындап отыр. Және, олар өздеріне айтылған кез-келген сынды креатив деген сөзбен ақтап алып отырады.  Алайда, креатив болу тіліңді шұбарлап, оны түкке алғысыз етіп тастау емес шығар.

Бұрын Бейбіт Құсанбектің “Тіл” атты хабары бар еді. Онда, қазақ тілінің дұрыс қолданылуы мен заңдылықтарын үйретіп отыратын. Және, қазақтың мың бір мақалы мен жүз бір жұмбағын жандандырған керемет хабарлар болды.

Сондай-ақ, көнерген сөздердің мәнін ашып  ұғындыратын “Сөзмерген” хабары да қазақ тілінің мәртебесін асырып тұратын.  Әрине, шоуда жүрген мамандарға мұндай тақырыптар қызықсыз болар.

Сіздерден ондай хабарлар күту де дұрыс емес. Бірақ, қандай жоба болса да, қазақ тілінің қадірін кетіріп, құнарын жоғалтуға болмайтынын ескеріңіздер!

Биыл Қазақ телевизиясы 60 жылдық мерейтойын атап өтті. Соған сәйкес, “Тамаша” ойын-сауық отауы, Сағат Әшімбаевтың “Қарыз бен Парыз”, Шерхан Мұртазаның “Ұлт және Сана”  сияқты сүбелі хабарлар көрермен назарына ұсынылды.

Ал, 2000 жылдары болған “Шынның жүзі”, “Ақжүніс”, “Атажұрт”, “Алтын қақпа”, “Қыз қуу” сияқты бағдарламаларды қазақ көрермені ұмытпайды. Өйткені ол – атауларының өзінде астар жататын ішкі мазмұны бай хабарлар еді.

Қазір де салмақты, парасатты жобалар бар. Олар да уақыт өте халықтың игілігіне айналып, уақыттан өз еншісін алады.

Ал, арзан шоулар ше? Олар болашақтың талқысына шыдай ма? Әлде, олардың көздегені халықтың игілігі емес пе? Олай болса,сонша уақыт пен  қыруар қаржы не үшін жұмсалды?

Рейтинг үшін бе?

Нұрбике Бексұлтанқызы

Abai.kz

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз