Отандық шоу-бизнестегі біршама жетістікке жетіп, тыңдармандардың жүрегін баурап алған төрт баланың анасы Алтынай Жорабаева “он сегіз” жасын атап өтті.
Әріптестері секілді дүркіретіп, қымбат тойханаға шашылмай-ақ кішігірім мейрамханада ақ дастархан жайып, жақындарының арасында атап өткен сыңайлы. Есесіне Хэллоуин мейрамымен тұспа-тұс келгені үшін Мега сауда орталығында бүлдіршіндерге ән айтып, 300 килограммдық тәтті тортты кесіп, дәмін татып қайтқан. Әншінің өзі дәл осы жылғы туған күнін “ерекше” деп бағалап отыр.